МАХАББАТ ДЕГЕН НЕ ӨЗІ?????

Адамзаттың өткен ұзақ өміріне көз салсақ, оның өнері мен поэзиясында махаббаттан,ғашықтықтан асқан тақырып болмапты. Махаббатты көне заманда әр халық өздерінің ұғымына, дініне, дәуіріне сәйкес әр түрлі түсінген сияқты. Мәселен, ертедегі грек, рим қолжазбаларында Махаббат құдайлар кейпінде көрсетіліп, дуниенің бар кілті солардың қолында деп дәлелденді. Соның нәтижесінде құдайдың өзі махаббат мағынасында ұғынылған.... Махаббат– сезімдердің патшасы, кейде таң ғажайып ертегі тәрізді, кейде өміріңіздегі болған ең тәтті түс тәрізді. Кез келген адамды өзінің тереңділігі мен түсініксіз әлемімен таң қалдырады.