Адамзаттың өткен ұзақ өміріне көз салсақ, оның өнері мен поэзиясында махаббаттан,ғашықтықтан асқан тақырып болмапты. Махаббатты көне заманда әр халық өздерінің ұғымына, дініне, дәуіріне сәйкес әр түрлі түсінген сияқты. Мәселен, ертедегі грек, рим қолжазбаларында Махаббат құдайлар кейпінде көрсетіліп, дуниенің бар кілті солардың қолында деп дәлелденді. Соның нәтижесінде құдайдың өзі махаббат мағынасында ұғынылған.... Махаббат– сезімдердің патшасы, кейде таң ғажайып ертегі тәрізді, кейде өміріңіздегі болған ең тәтті түс тәрізді. Кез келген адамды өзінің тереңділігі мен түсініксіз әлемімен таң қалдырады.

Түбіне терең бойлап тұнықтың.
Ессіз ғашық болдым мен
Өзгенін бәрін ұмыттым.
Махаббат деген-
Қайсарлық,
Беріспейді соны ұқтым.
Сол үшін де Махаббат
Қуана бер сен ұттың!
Ғашықтықтан,аңсаумен,
Түн ұйқым төртке бөлінді.
Ұмытылмас түнгі сыр
Жұлдыз болып үзілді.
Түнде келіп оятып
Тыныш жатқан сезімді.
Сол үшін де құмарлық
Қандырып ал шөліңді!
Мендегі жылы сезімді,
Бір жүрекке тұсаула.
Мен айтармын жан сырымды
Өлеңім мен Жырыма.
Қан алғыштай жармастың ғой
Тойып алғын қаныма сол үшін енді Ғашықтық
Менен алыс ұзама.